Жалпы сипаттама

Шығыс Қазақстан - Қазақстан Республикасындағы ірі өнеркәсіптік, энергетикалық, транспорттық, мәдени аймақ.

Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында Жоғары Ертіс алабына орналасқан. Шығысын Сарыарқаның төбелі жазық шығыс жиегі алып жатыр. Жер көлемі 283,3 мың кв км. (Қазақстанның жер көлемінің 10,2 проценті )

Солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында және оңтүстік шығысында Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр.

Халқы

Халық саны 1442,1 мың адам; оның ішінде қала халқы -853,4мың адам ( 59,2%); ауыл халқы - 588,7мың адам (40,8 %) .

Халықтың орташа тығыздығы: 1 кв. км - 5,1 адам. Көп таралған этностар- қазақтар мен орыстар (90% аса)

Әкімшілік бөліктері: шағын қалалар -9 (Өскемен қаласынан басқа), аудандар - 15.

Әкімшілік орталығы:

Өскемен қаласы (291,5 мың адам). Астанаға дейінгі қашықтық - 1038 км.

Жетекші өндіріс орындары:

Түсті металлургия, машина жасау, прибор жасау, кен өндіру, энергетика, құрылыс, орман және ағаш өндірісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Аграрлық сектор бағыттары:

Өсімдіктану ( дәнді дақылдар, азық-түлік, бау-бақша ); Мал шаруашылығы ( ірі-қара мал, жылқы ,қой т.б.)

Транспорт түрлері:

Әуе, темір жол, автомобиль, су.

Облыста:

11 мұражай, 105 аурухана, 409 амбулаториялық - поликлиникалық мекеме. (Облыстық статистика басқармасының мјліметі бойынша http://www.eastonline.kz )

 


 

102, Ushanov st., Ust-Kamenogorsk, Kazakhstan
spravka@pushkinlibrary.kz
© Pushkinlibrary, 1998-2008